Көк жайлаудың төресі, желмаясына мініп жаһанды кезген Асанқайғының арманындағы жерұйық мекен - Шалкөде жайлауының төрінде қазақтың ұлттық құндылықтары жаңғыртылып, ұзақ жылдар бойы ұлықталмай ұмыт болып бара жатқан шопандар тойы дүркіретіп аталып өтілді.Көшпенді елдің ұлттық мәдениеті ұлықталып, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен өнері, ас мәзірі мен дала спорты дәріптелетін, жалпы ұлттық болмысымыз насихатталды!Қасиетті Қарадаланы мекен еткен Ұйғыр ауданы ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығына бейімделген аудан. Шарада аудан әкімі Бота Серікқызы төрт түлігін түгендеп, төрт құбыласын теңестірген мал ш...